Қазақстан • 20 Қазан, 2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолдағы қауіпсіздік – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығынының өсуін болдырмау мақсатында құзіретті органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды      Қызылорда ОІІД  баспасөз қызметі.

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Осы бағытта Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның  имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында  Шиелі ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Аталған акцияға Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерді кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Акцияға жалпы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы тұрғындары қатысып, жиналған қауымнан 8 сұрақтар мен сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен толық жауап берілді.

Аталған акция басқа аудандарда да жалғасын табады.