Аймақтар • 20 Қазан, 2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар мерекесі қарсаңыңда салтанатты түрде ашылған Еске алу монументі Ақтау қаласын қорғауға арналған №1 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағына қойылды. Салтанатты жиынға қызметкерлер, азаматтық қорғау ардагерлері мен қалалық билік өкілдері, қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары қатысты.

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қалешұлы Аманғалиев өз сөз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар адамдарға ешқашан бей-жай қарамайтын, әрдайым көмектесуге дайын адамдар екендігін айта келіп, қызметте жүрген барлық өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, осы ескерткіштің ашылуы аймақ үшін маңызды оқиға екенін де атап өтті.

«Біздің өмірімізді және мүлігімізді сақтайтын, бүкіл өмір бойы біздің гүлденуіміз үшін күресетін өрт сөндірушілерді біз ерекше құрметтейміз және қазір жанымызда жоқ болса да жүрегімізде қалған, өмірден өткен өрт сөндірушілердің жақындары мен туыстарына бас иеміз», деп сөзін аяқтады облыс басшысының орынбасары. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,  азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев осы ескерткіштің ашылуымен біз уақытты, тарихымыздың сабақтастығын қалпына келтіреміз. Біз бен сіздер үшін, ең бірінші өз өмірін өрттен қорғауға арнаған өмірде жоқ әріптестеріміздің болашақ ұрпақтары мен жақын- туыстарына мәңгі лайықты құрмет көрсетудің маңызы зор екендігін барлық қатысушыларға жеткізді.   

Жиынға қатысушылар қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш манументі жанына гүл шоқтарын қойды.