Әлем • 20 Қазан, 2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның Кандагар өңірінде қайғылы оқиғадан кейін парламенттік сайлау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды euronews.com

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20 қазанға бекітілген дауыс беру науқаны бір аптадан соң өткізілетін болды. Бұл шешім бейсенбі күнгі қайғылы оқиғадан соң қабылданды. Ол күні жергілікті полиция басшысы мен Ұлттық қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысына шабуыл жасалып, қаза тапқан еді.

Қылмыстық істі Талибан радикалды қозғалысы өз мойнына алды. Мамандар сайлаудың уақытылы өтуін қалап отыр. Дегенмен жергілікті билік тұрғындар моральды тұрғыда дайын емес екендігін жеткізді.

Ал Ауғанстанның қалған өңірлерінде сайлау бекітілген күні өткізіледі. Нәтижесі бойынша парламенттің төменгі палатасына 249 депутат сайланатын болады.
 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше