Қазақстан • 20 Қазан, 2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Ана мен бала орталығында қазір жылу жүргізілуде. Ғимарат 4 қабаттан тұрады. Онда әйелдерге арналған неонатология, анестезиология, акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі.

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

Орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, емделушілерге жағдай жасалған. Кеңес беру диагностикалық емханасы да жұмыс жасайтын болады. Бұл өз кезегінде отбасын жоспарлауды, әйелдер арасындағы жатыр мойнының патологиясы және түсік қаупін білуге көмектеседі.

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды. Себебі, әйелдерге арналған кеңес беру бөлімдерін көбейту арқылы ана мен бала өлімінің алдын-алуға болатынын атап өтті. Ал облыстық балалар ауруханасы күніне 90 баланы қабылдайды. Аймақ басшысы балалар ауруханасында да жасалуы тиіс жұмыстарды атап өтті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан.

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше