Салмақ өлшеу рәсімінде Елеусінов - 148 фунтты, ал қарсыласы - 146,8 фунтты көрсетті.
Еске сала кетейік, Елеусінов Астана уақытымен шамамен ертең таңертең АҚШ-та екінші айқасын өткізеді. Ол Бостонда (Массачусетс штаты) жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) кездеседі.
«Жанкүйерлер мен әдемі бокс көрсететінім үшін маған жанкүйерлік етулері тиіс деп ойлаймын. Әдемі бокс жанкүйерлеріне - мархабат!», деді Д.Елеусінов.
Д.Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.