«Үндістан Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала хабарлауынша, зардап шегушілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, Үндістанда пойыз мерекеге қатысып жатқан халықты басып өткенін хабарлаған едік. Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз мейрамды тойлап жатқан халықты басып өтіп, салдарынан 60 адам мерт болған. 100-ге жуық адам жарақат алған.