Қазақстан • 21 Қазан, 2018

Жаңа мектептің салынуы - уақыт талабы     

250 реткөрсетілді

Екібастұздың Солнечный кенті-әлемге әйгілі ГРЭС-2 стансасы орналасқан  өндірісті кент. Станса қазақстандық-ресейлік бірлескен энергетикалық кәсіпорын саналады. Кентте 6 мыңдай халық тұрады. Өңірдегі кейбір аудан орталықтарындағы халық санымен бірдей. Оңтүстік өңірден көшіп келушілер саны да көбеюде.

Елге ел қосылса құт. Әйтпесе, кенттің тіршілігі осыдан біраз бұрын  жүдеу еді. Кезінде алып стансамен бірге салынған  көп қабатты үйлері бос қалған-ды. Қазір жүдеу тіршілікке рең  беріп, өндірісті кенттің келбеті өзгере бастады.  Тұрғындарының дені  электр стансасында еңбек етуде. Бұдан басқа, бірнеше шаруа қожалығы, шағын және орта бизнес нысандары бар

Кент әкімі Маржан Алшынбаеваның айтуынша, кенттің былтырдан бері жеке бюджеті бар. Яғни, 4-ші деңгейлі бюджет арқылы салықтан түскен қаржыға кент қауымдастығымен ақылдаса отырып,  ішкі жолдарды, көріктендіру, саябқтар отырғызу қолға алынуда. Тұрғындар кентке  кіреберіс  жолдың жөнделуін күтуде. Жоба-жоспарлар да жетерлік.

Былтыр ГРЭС-2 стансасы кенттің 60 жылдық туған күніне балалар алаңын орнатып жақсы сыйлық жасап беріпті. Тұрғын үйлер де қалпына келтірілуде. Бос қалған пәтерлердің  45 отбасы енді кілттерін алады. Пәтерлер қазір Екібастұз қаласының меншігіне өткен. Егер де қалған  үйлер  жөнделсе ,  бұл үйдегі пәтерлерге  200-дей адам қоныстанбақ.

Жалпы, кентте  негізін өз ұлтымыз құрайтын, ал, қалғандары 1880 орыс, 141 украин,  82 неміс, 79 татар, 41 беларус, 5 шешен халқының өкілдері тұрады.  Өзбекстаннан елге оралған   24 отбасы  қоныстанды. Көш те жалғасуда.

Мысалы, 3 баласы бар Асқарбек Мұхамедов Түркістан облысы, Арыс қаласынан  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша көшіп келіпті. Іздегенге сұраған деп, стансаға газ-электрмен дәнекерлеуші болып  жұмысқа да тұрды.

Кентте «Алтын адам»,  «Барыс», «Жоңғар мен қазақтың жекпе-жегі», «Қаракерей Қабанбай», «Шапырашты Наурызбайды» мүсіндеген мүсінші, суретші, қолөнерші, Еркінжас аға Мұхамеджановпен жолсапар барысында танысқанбыз. Мектеп оқушылары, ауыл балалары сурет өнеріне бейімделіп, мүсіндер жасауды үйренуде. Еркінжас ағамыз да, шеттен көшіп келген ағайынның бірі.

Бұл күндері   қазақ тілінде білім беретін мектепте 400 дей оқушы,  орыс тіліндегі мектепте 366 оқушы бар. Орыс мектебінде 130-дай қазақ баласы  оқып жүрсе,  1-5 жастың аралығында 400-дей кішкентай өсіп келеді.

Ал, тұрғындар жаңа мектептің ашылуын асыға күтіп  жүрді. Өткен жылы Екібастұз қалалық  құрылыс  бөлімі кентте  салынатын  мектептің  бүкіл  есеп-сызба құжаттарын дайындайды.

Жақсы жаңалықты  жылдар ойы күтіп жүрген тұрғындар  кенттің үлкен-кішісі  бар Наурыз мейрамы күні мектеп салынатын  құрылыс алаңына жиналады. Кенттегі Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры  Айман Кенжебаеваның айтуынша, тұрғындар сүйіншілеп, бір-бірін құттықтады.  Кенттің үлкендері Әнурбек, Қалиасқар қажы аталар, Клара, Зәру, Биғайша апалар «Мектептің іргетасы берік, шаңырағы биік!» болсын деп бата жасады. Шашу шашылды. Оқушылар мектепке келер жолға ағаштар егілді.   Әнуарбек атаның  10 баласы  кенттегі балабақша  ғимаратына  орналасқан мектептен білім алыпты.  Енді немерелерім жаңа мектепте оқиды деп қуанышты.  

Ал, қазір мектеп құрылысы қарқынды. Биылғы жылдың мамыр айында басталған құрылысты жергілікті өзіміздің «Стальмонтаж» ЖШС мердігер компаниясы қолға алыпты. Бұйырса, жоба бойынша мектеп 2019 жылдың шілде айында дайын болмақ.

Сөйтіп, келесі жаңа оқу жылын Солнечный кентінің 400-ден астам оқушысы жаңа мектепте оқиды. Спорт стадионы салынады. Мектептің құрылысына 1,2 млрд. теңге бөлінген.    Айман Кенжебаеваның айтуынша, алдағы уақытта кенттің жалпы білім беру мектебінен көп салалы мектеп-гимназия санатына ауыстыруда жоспар да бар

Мектеп  құрылысымен Екібастұзға жаңадан әкім болып тағайындалған Нұржан Әшімбетов те танысып қайтты. Кәсіпорынның атқарушы директоры Вячеслав Вдовыдченконың мәліметінше, қазір мектептің 1-ші қабаты дайын. Екінші қабатта терезелерді орнату, сантехникалық және электрмонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс материалдарының барлығы екібастұздық кәсіпкерлерден жеткізілуде. Құрылыс басында мамандармен бірге жергілікті тұрғындар да еңбек етуде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Екібастұз қаласы,

Солнечный кенті

Суретті түсірген: Абзал Қабдіраш

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар