Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Талдықорғанда «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» атты дебат өтті

70 реткөрсетілді

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Білім мен тіл ұстарту өнеріне құштар ұл-қыздың басын қосқан дебатта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түрлі тақырып аясында тапсырмалар берілді. Екі күнге созылған турнирде қатысушылар BPF және APF форматында, яғни ағылшын парламенті мен Америка парламенті үлгісінде пікір сайыстырып, ақтық кезең үшін жарысты. Нәтижесінде 20 команданың ішінен суырылып шыққан үздік топтар көпшілік алдында толғамды тұжырымдарын дәлелдеп, ерекше көзге түсті.

Қызықты өткен «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» турнирінің бас жүлдесі мен арнайы Кубок Астана келген «Аспаннан үлкен» командасына бұйырса, бірінші орын тараздық топқа берілді. Ал мұнан кейінгі жүлделі орындарға шымкенттік «Әлемге танымал мырзалар» тобы мен алматылық «Интисар» командасы лайықты болды. Жүлдегерлердің барлығына қомақты қаражат табысталды.

- Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін көрсетеді. Ал, қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Бүгінгі күннің пікірсайысы – кешегі өткен халық даналығының, асыл қасиеттерінің қазіргі заманға сай жаңаланған бейнесі, - дейді жарыс жайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар