Қазақстан • 22 Қазан, 2018

ІІМ:1 қаңтардан тіркелмеген телефонға байланыс қызметі көрсетілмейді

242 реткөрсетілді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлға ЖСН-ні  сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Осыған байланысты азаматтар ағымдағы жылдың соңына дейін өздерінің байланыс құрылғыларын тіркеулері қажет»,-  деді Алмас Садубаев.

Осы ретте ІІМ ресми өкілі ұялы байланыс операторларының филиалдарында үлкен кезек болып, қоғамда дүрбелең тумауы үшін азаматтарға құрылғыларын дер уақытында тіркеуге кеңес береді. «Бұл ең алдымен азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр. Егер бір адамның телефоны тіркегеннен кейін ұрланатын болса, онда база арқылы оны кім пайдаланатындығын анықтауға болады.

Бұған қоса, байланыс операторлары да  базада құрылғының IMEI-коды ұрланған ретінде көрсетіліп тұрса байланысқа тосқауыл қою мүмкіндігін алады», - деді ол.  

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар