Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Рудный қаласындағы мектепте пластикті өңдеу шеберханасы ашылды

422 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің Экология және жер қойнауын пайдалану департаментінің қолдауымен  Рудныйдағы №19 орта мектепте пластикті жергілікті өңдеу шеберханасы ашылды.

Рудный қаласындағы мектепте пластикті өңдеу шеберханасы ашылды

Бұдан былай оқушылар тұрмысқа қажетті заттарды пластиктен өздері жасай алады. Бұл «Жастар» қоғамдық бірлестігі мен ССКӨБ Экология және жер қойнауын пайдалану департаментінің әріптестігі нәтижесінде мүмкін болып отыр. Оқу орнында өткен өткен шеберхана тұсаукесерінде экобелсенділер ССКӨБ-тің қаржылай көмегімен құрылған мамандандырылған «Танымды экология және энергия үнемдеу орталығы» сыныбын көрсетті. Жобаның негізі ретінде голландиялық эколог-өнертапқыш Дейв Хаккенстің технологиясы алынған.

«2019 жылдан бастап Қазақстанда пластик қалдықтарды полигонда көмуге тыйым салынады. Бүгінде Қазақстанда қоқыстарды сұрыптайтын екі зауыт қана бар Оның бірі Астанада және екіншісі Алматыда жақында ғана ашылды. Сол себепті қоқысты қайта өңдеу мәселесі өткір тұр. Қоқыстарды жинайтын және сұрыптайтын ұйымдардың көпшілігі пластик өнімдерін қайта өңдеумен айналыспайды. Тек Ресей мен Қытайға қайта сату үшін қайталама шикізатты шығарады. Біз, тым болмағанда, бастапқы деңгейде пластик қалдықтарды қайта өңдеп, одан жаңа өнім өндіруді үйренуіміз керек» дейді «Жастар» қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы Максим Фролов.

Жобаны жүзеге асыру үшін станоктар сатып алынды. Дейв Хаккенс ойлап тапқан технология балқытылған пластиктен жаңа формаларды құрастыруға болатын 3D-принтердің жұмыс принципіне ұқсайды. Өзінің жобасы Дейв Precious Plastic – «Құнды пластик» деп атады.

Сатып алынған жабдықтар гүл өсіретін құмыралар, шелектер, ыдыстар, плафондар, принтерге арналған жіп, интерьерлік плиткалар мен тағы да басқа қажетті заттарды шығаруға мүмкіндік береді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Рудный