Саясат • 24 Қазан, 2018

Адам құқының өзекті мәселелері қарастырылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Адам құқының өзекті мәселелері қарастырылды

Отырысқа, сондай-ақ  Бас про­ку­рордың орынбасары М.Ах­метжанов пен ІІМ Қыл­мыстық-атқару жүйесі комитетінің төр­­ағасы А.Базылбеков қаты­сып, бас бостандығынан айыру орын­­дарындағы адам құқық­тарын қамтамасыз етудің өзекті мәсе­лелерін талқылады.

Үйлестіру кеңесінің қарауын­да Бас прокурор тапсыр­масы бойынша Алматы облысының пенитенциарлық мекемелеріне жүргізілген тексерудің қоры­тын­дысы болды. Онда соттал­ған­дармен қатыгез қарым-қатынас жасау, мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін жасыру мақсатында оларға қысым көр­сету фактілері расталған.

Осы мәселеге байланысты Үй­лес­тіру кеңесі ІІМ басшылы­ғының алдында кінәлі адамдарды жазалау қажеттігі мәселесін қойды. 

Үйлестіру кеңесінің мүшелері алдын ала анықталған фактілердің негізінде түзеу мекемелерінде ар­найы құралдарды қолдану арқы­лы қатыгездік қаупінің жоға­ры фак­торлары болуын атап өт­ті. Осы жағдайды ескере отырып, соттал­ғандарды колонияларда тінту және этап кезеңінде қабылдау туралы іс-шараларды жүргізуге ҰАТ қатысушыларын тарту тәжірибесін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Тұтастай алғанда, ұлттық алдын алу тетігінің ІІМ ҚАЖК-мен өзара іс-қимылындағы оң ди­на­мика атап өтілді, бұл тура­лы пенитенциарлық мекемелер әкімшіліктерінің оларға ҰАТ қатысу­шыларының кіруіне кедер­гі келтіретін жағдайлардың барынша азаюы куәландырады.

Осы тұрғыда Үйлестіру кеңе­сі­нің халықаралық сарапшылар­мен бірлесіп құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері үшін тиісті тренингтер өткізу жөніндегі рөлі жоғары бағаланды.

«Егемен-ақпарат»