Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» елді мекенінде болды

319 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Қожахан Жабағиев пен Байділдә Жақсылықов және Наталья Жұмаділдаева Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» елді мекенінде болды.

Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» елді мекенінде болды

Бесарықта жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысқан халық қалаулылары 150-ден астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған «Абай - Дәулет» серіктестігінің ұжымымен жүздесті.

Өткен жылы ғана жұмысын бастаған серіктестік бес мыңнан астам қисары асыл тұқымды қойын өсіріп отыр. Түйешаруашылығы да бар,

-Біздің серіктестік бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Яғни, күріш егіп, оны Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне экспортқа шығарса, 22 бас аруана түйесінен күніне 70 литр түйе шұбатын өндіріп, қала халқына сатуға шығарып отырмыз. Онан бөлек 10000 түп алма ағашын отырғыздық. Картоп, қауын егіп Ресей мемлекетіне экспорттап отырмыз. Болшақта мал санын көбейтіп, асылдандырып, ет өнімдерінде экспортқа шығаратын боламыз,-дейді серіктестік директоры Мұрат Абайұлы.

Депутаттар мемлекеттің алдында таяу жылдарда өндірісті, шағын және орта кәсіпті көтеру міндеті тұрғандығын айтты.

- Әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамып отырғандықтан кез-келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келуде.10 адам жасайтын жұмысты 1 ғана техника атқарып отыр. Мұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді және бірнеше бағытта топтасып жұмыс жасауды талап етеді. Осы орайда «Абай-Дәулет» ЖШС-нің жұмысы көңілге қонымды екен,- деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қожахан Жабағиев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ