Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Зымыранның ұшуын ғарыш айлағынан тамашалауға болады

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының «Аймақты туристендіру» картасына «Жаңақорған» шипажайы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы және Қамбаш көліндегі демалыс орны енген.

Зымыранның ұшуын ғарыш айлағынан тамашалауға болады

Бұл нысандар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің жолында орналасқандықтан саяхатшылардың келуіне оңтайлы болып тұр. Болашақта Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын зымыранды қалаға кірмей-ақ сырттан тамашалауға мүмкіндік тумақ.

Осы мақсатқа ұшу алаңынан алпыс шақырым жерде ойын-сауық отауы салынады.

– Бұл үлкен жоба жеке инвестиция арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда «Қазақтуризм», туризм комитетімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұл аймақта әлемдік талапқа сай келетін қонақжай, мейрамхана, аквапарк, ғарыш аттракциондары, биллиард, боулинг болады,-дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммед Сағатбекұлы.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ