Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Қызылорда облысы жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру бойынша республикада алдыңғы орында

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы жылдың басынан бастап жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру бойынша республикада алдыңғы орынға шықты.

Қызылорда облысы жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру бойынша республикада алдыңғы орында

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз – конференциясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

- Соңғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 86 842 адам жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға немесе 1232 адамға артып отыр. Бұл республикалық өсімнен 1,8 есе жоғары. Республика бойынша 4-орын. Жыл соңына дейін кемінде 90 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз.

Соңғы көрсеткіштерге сәйкес биылғы жылдың бірінші жартыжылдында облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 143 257 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға немесе 15 млрд.теңгеге артып отыр. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы барлығы 1 319 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің 377 жобасына қолдау көрсетілді, - деді Ғ. Жақсылықов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ