Әлем • 24 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстан қуыршақ театры екі халықаралық фестивальдан олжалы оралды

1265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне Қазақстан алғаш рет қатысты. Ел намысын Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры қорғап, абыроймен оралды.

Солтүстік Қазақстан қуыршақ театры екі халықаралық фестивальдан олжалы оралды

Жерлестеріміз «Степной ноктюрн» қойылымын сахналап, Қазақ хандығының құрылуы, жоңғар шапқыншылығы, 20-30 жылдардағы аштық, саяси қуғын-сүргін оқиғаларын пілте шамның жарығында бейнелеу арқылы  өрермендерді тәнті етті.

«Спектакльді қою үшін театр басшылығы есімі әлемге танымал  чехиялық режиссер Евгений Ибрагимовты арнайы шақыртты. Ол дәстүрлі  әдістен, таптаурын жолдан гөрі қазіргі заманға бейімделген тың шешімдер тауып, соны ізденістер өте сәтті орындалды», дейді театрдың белді актрисасы Айгүл Хасенова.  Фестиваль бағдарламасы бойынша қойылым бір рет емес, көпшіліктің сұрауымен 5 рет қойылыпты.

Ақтөбе қаласында өткен халықаралық фестивальда «Серебряное копытце» спектаклі сахналаныпты.

Екі  байқауда да жерлестеріміздің өнері жоғары бағаланып, Алғыс хатпен марапатталыпты. Алда  Омбы сапары күтіп тұр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы