Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Зейнетақы қоры интернет алаяқтардан абай болуға шақырды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады.

Зейнетақы қоры интернет алаяқтардан абай болуға шақырды

Интернет арқылы әрекет жасайтын алаяқтар бүгінде аңғал азаматтарды алдаудың жаңа әдістерін ойлап тауып жатыр. Солардың бірі – несие рәсімдеуге қатысты болып отыр. Мұнда алаяқ әр түрлі бүркеншік атты жамылып, интернетте хабарландыру орналастырады. Онда ол Астана және басқа да қалалардың тұрғындарына екінші деңгейдегі банктерде несие рәсімдеуге көмектесетіндігі туралы уәде береді. Хабарландыруға қызығушылық білдірген адамға алаяқтың банктік картасының деректемелері көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі және клиенттің төлем қабілетін растайтын «дұрыс үзінді-көшірме» алу үшін «белгілі бір сыйақы» аудару талап етіледі. Содан кейін осы SMS-хабарламада көрсетілген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің бірінде Қор қызметкері «дұрыс үзінді-көшірмені» береді-мыс.

Зейнетақы қоры Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы Қордың кез келген бөлімшесіне келу арқылы, сонымен қатар электрондық пошта, Қор сайты, «БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы және  egov.kz электрондық үкіметі бойынша тегін алатындықтарын тағы да ескертеді.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ орын алған деректерге қатысты мәліметтерді процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ