Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Мәжіліс депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Бақытжан Ертаев,  Зағипа Балиева, Нұрлан Дулатбеков және Жексенбай Дүйсебаев Алматы облысы Талғар ауданындағы Кеңдала ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

- Биылғы Жолдау – осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы. Халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер нақты шешімін табатын болады. Яғни, әр отбасының, әрбір адамның жағдайын, тіршілік ортасын жақсартуға арналған. Елбасының дәстүрлі Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тиімділігін көтеру сияқты күнделікті өмірдегі мәселелерге ерекше мән беріліп отыр», - деді кездесу барысында сөз алған Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Депуттар арнайы сапармен келген Кеңдала  ауылдық округі он екі мыңға жуық тұрғыны бар іргелі өңір.  Округ аумағында 5 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, 1 учаскелік пункт, 8 жекеменшік балабақша елге қызмет етуде.

- Елбасы ұсынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы Кеңдала ауылының тұрғындарының көңілінен шықты. Біздің осы жоба аясында жүзе асыратын масақтымызды белгіліп алдық. Ауыл азаматтары қызу қолдады, келер жылы бастама жемісін береді деп сенемін, - дейді Кеңдала ауылының әкімі Алмас Өмірзақов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы