Өнер • 25 Қазан, 2018

Шертпе күй шеберлері Талдықорғанда өнер жарыстырады

136 реткөрсетілді

Талдықорғанда «Шертпе күй» республикалық фестивалі басталды. Жетісудың төрін екі күні бойына домбыра үніне бөлейтін күй жарысын Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облыстық әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған. Еліміздің балбармақ күйшілерінің басын қосқан фестиваль Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне орайластырылып өткізілуде.

Фестиваль аясында күйшілер жарысынан бөлек «Қырық буын қосбасар» атауымен дәстүрлі шертпе күйге арналған республикалық конференция және алқалы кеңес өтіп жатыр. Мұнда елімізге танымал шертпе күй майталмандары бүгінгі дәстүрлі өнердің аяқ алысы мен ұрпақ сабақтастығы туралы келелі әңгіме өрбітті.

- Мәдениет және спорт министрлігі Астана  қаласының  20 жылдығы аясында халқымыздың мәдениетін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы дәстүрлі өнеріміздің төл туындыларын кеңінен насихаттау мақсатында «Шертпе күй» республикалық фестивалін бастады. Бұл шараның Жетісу төрінде өткені біз үшін қуаныш. І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында  екі күн бойына шертпе күйден Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы «Қырық буын қосбасар» конкурсы өтіп, қара домбыраға тіл бітірген үздік күйші анықталады, - дейді Алматы облыстық Мәдениет басқрамасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмар.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Отбасы – ұлттың тірегі

Қоғам • Бүгін, 08:18

Еріктілік ізгілікке бастайды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Экономика • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар