Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Алматыда Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері талқыланды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы 24 қазанда Алматыда Орталық референс-зертхана (ОРЗ) базасында Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы Конвенцияның (Конвенция) Имплементациялық қолдау тобының жəрдемдесуімен жəне Германия Федеративтік Республикасының қолдауымен Орталық Азия мемлекеттері үшін Конвенцияны имплементациялау жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері бойынша өңірлік семинар өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматыда Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері талқыланды

Өңірлік семинар Конвенцияны ұлттық деңгейде имплементациялау, сенімді нығайту шаралары мəселелерін талқылау жəне биологиялық қауіпсіздік жөнінде үздік тəжірибелер мен сарапшылар пікірімен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинардың ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев алғы сөз сөйлеп, Қазақстан халықаралық жаппай қырып-жою қаруын таратпау үрдісінің белсенді қатысушысы жəне Конвенцияның мақсаттары мен міндеттеріне бейілді екенін айтты. Қазақстандық дипломат таратпау режимін нығайтудағы Конвенцияның рөлін, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық арқылы Конвенцияны имплементациялау бойынша тəжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, халықаралық ұйымдар өкілдері жəне биологиялық қауіпсіздік саласындағы қазақстандық бейінді ведомстволардың сарапшылары қатысты. Семинар қатысушылары Алматыдағы ОРЗ қызметімен танысты.