Әлем • 26 Қазан, 2018

Иорданиядағы қайғылы оқиға: балалар қаза тапты

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданиядағы су тасқыны салдарынан шамамен 18 адам қаза тапты, олардың көпшілігі - балалар, деп хабарлайды EURONEWS.

Иорданиядағы қайғылы оқиға: балалар қаза тапты

Қатты сел ағыны Өлі Теңіз ауданындағы мектеп экскурсиясына автобуспен бара жатқан балаларды шайып кетті. Автобуста 37 оқушы және жеті мұғалім болған. Нөсер жауынның әсерінен болған қатты сел ағыны кезінде автобус көпірде болған. Зардап шегушілер қатарында танымал курортта демалып жатқан отбасылар да бар.

Қайғылы оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Тікұшақтар, соның ішінде израильдік ұшақтар жұмылдырылған. 30-дан астам адам құтқарылды.