Білім • 26 Қазан, 2018

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде  халықаралық конференция өтті

222 реткөрсетілді

Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім: әдіснама, теория мен тәжірибе» атты халықаралық конференция өтті.  

Аталған конференцияға АҚШ, Ресей, Беларусь, Латвия, Англия, Чехия, Германия және өзге де мемлекеттің ғалымдары қатысып, пікір алмасты. Көне Тараз төрінде қолға алынған ғылыми-практикалық конференцияның жинағына алдын-ала мақала жіберген қатысушылар іріктелген. Олар өз жұмыстарында қазіргі білім саласына үлес қосудың тың жолдарын қарастыра отырып, баршаның мүддесін қамтамасыз ететін пікірлерін алға тартты. Ғылыми шараны аталған университеттің оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сәуле Әлімбаева ашты.

Жаңа дәуірдің оқу бағытын саралаған жиында білім бағдарламасын қайта құрып, тың әдістердің енуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заман талабына сай педагог мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығарудың маңызы алға тартылды. 

Ал Германиядан келген  PhD доктор Готфрик Томас «Еуропадағы CLIL-сабақтарының тарихы, мінездемесі және проблемалары – теория және тәжірибе туралы кейбір негізгі идеялар» тақырыбын қозғады. Бұдан бөлек спикерлер қатарында Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры  Питер Ендерс, АҚШ-тағы Евергрин  мемлекеттік колледжінің PhD докторы Нэнси Коппелман және тағы да басқа азаматтар болды. Сонымен қатар, доцент Нарима Есенова, доцент  Асылжан Кенжекерейұлы, PhD доктор Раушан  Таубаева, PhD доктор Гүлнұр Исабекова және PhD доктор Перизат Құдабаева өз ойларын ортаға салды.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар