Президент • 26 Қазан, 2018

Елбасы Иордания короліне көңіл айтты

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Елбасы Иордания короліне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Өлі теңіз аймағындағы табиғат апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айрылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.