Даңқты жырау ескерткішінің ашылу салтанатында Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы мен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы сөз сөйлеп, күн сайын түрленіп келе жатқан Әулиеата өңірінің жетістіктеріне тоқталды. Жамбыл мұрасының қазақ халқымен мәңгі бірге жасай беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары да көптеп жиналып, қала күні аясында өткен шараны тамашалады. Бұдан былай Абай даңғылының бойында ұлы ақын Жамбылдың рухы асқақтап, болмысы биіктеп тұра бермек. Ал аталған ескерткіштің биіктігі 4 метр болса, салмағы 1,5 тонна.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы