Қазақстан • 27 Қазан, 2018

Сыртқы істер министрі ЮНИСЕФ басшысымен кездесті

238 реткөрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі жаһандық конференцияға келген ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Генриетта Формен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Форум Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Қ. Әбдірахманов Қазақстан тарапының баланың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерге толықтай айнымастығын баса айтып, осы саладағы Президенттің тапсырмаларын іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Министр ЮНИСЕФ-ке Қазақстанға ана мен бала денсаулығы және балаларды қорғау мәселелеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. БҰҰ Балалар қорының қолдауымен кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту және өмірдің барлық салаларында балалардың тең мүмкіндіктерін жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда.

Г. Фор еліміздегі денсаулық сақтау деңгейінің жағымды әсерімен бөлісіп, Қазақстан дамып келе жатқан әлеммен өз тәжірибесін бөлісуге және оның орнықты дамуына жәрдемдесуіне тілегін білдірді.

Тараптар денсаулық сақтау кызметтерін жаппай қамтуға бағытталған бағытты ілгерілетуде бір-бірін қолдауға келісті. Астана қаласында қабылданған Декларация 1978 жылы Алма-Ата тарихи декларациясының логикалық жалғасы болып табылады және бұрынғы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан ЮНИСЕФ-тің бүкіл әлемдегі шиеленіс аймақтарындағы балаларды қорғаудағы рөлі мен қызметіне ерекше мән береді. Өз кезегінде, ұйым Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша Астана процесіне қызығушылық таныта отырып, оның шеңберінде жанжалдасушы тараптар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды шиеленіс салдарынан қорғау үшін нақты қадамдар жасау қажеттілігі айтылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар