Қазақстан • 28 Қазан, 2018

Канадада Элизабет Тұрсынбаеваға жүлде бұйырмады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Лаваль қаласында өткен Гран-при турнирінде Элизабет Тұрсынбаева бесінші орында қалып қойып, жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

Канадада Элизабет Тұрсынбаеваға жүлде бұйырмады

Қысқа бағдарлама бойынша алтыншы орынды қанағат тұтқан қазақ қызы жаттығудың екінші түрінде де ойдағыдай өнер көрсете алған жоқ. Еркін бағдарламада күрделі жаттығуды орындау барысында Элизабет абайсызда құлап қалды. Одан кейін ол жағдайын дұрыстау үшін барын салғанымен, небары бір сатыға ғана жоғарлады. Нәтижесінде – бесінші орын.

Үйеңкі жапырақтар еліндегі жарыс әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышеваның жеңісімен аяқталды. Күміс медальді жастар буынының жарқын өкілі, 15 жасар жапониялық қыз Мако Ямашита иеленді. Ресейдің тағы бір атақты спортшысы Олимпия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем мен Еуропаның екі дүркін чемпионы Евгения Медведева қола жүлдені еншіледі.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»