Қазақстандық спортшы бойжеткендер үшін бұл жарысқа қатысу халықаралық деңгейдегі бірінші тәжірибе болды. Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясынан атап өткендей, команданың алдында үздіктер «үштігіне» кіру міндеті тұрған, спортшы қыздар Парижде қола медальді жеңіп алып, оны орындап шықты.
Эстетикалық гимнастика ережесі бойынша, спортшылардың композиция, қимыл-қозғалыс: дененің әмбебап және түрлі қозғалысы, бұрылыстар, секіру және би қадамдары бағаланады. Төрешілер иілгіштік пен жылдамдықты ғана емес, күш пен үйлесімді де бағалайды.