Айтулы шара барысында Елордамыздағы Қарттар үйі мен SOS Балалар үйіне, сондай-ақ шұғыл түрде ота жасалуы керек үш жасар сәбидің анасы мен тұрмыс тауқыметін тартып жүрген он балалы анаға 1 000 000 теңгеден қайырымдылық қаражаты берілді.
Айта кетейік, дүбірлі дода аясында орын алған қайырымдылық шарасы билеттен түскен қаржыға және «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігі мен «Уақып» қайырымдылық қоры атсалысуымен жүзеге асты.
Спорт додасын тамашалауға келген елордалық ағайын ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға дән ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.