Жемқорлықты жоятын нақты қадамдар
Жаңа облыстың жеке-дара аталып, тәртіптің талап етілуіне негіз де жоқ емес еді. Маусым айында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент осы шараға тікелей эфир арқылы қатысып отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қарата: «Менде неше түрлі хабарлар бар, мектепке еден жуушы болу үшін пара беру керек. Мектепке мұғалім болып орналасу үшін пара беру керек. Басқа облыста ондай жоқ, тек қана сендерде бар», деп қатаң сын айтқан болатын. Қазан айында Ақордада осы бір келеңсіздікті еске сала Елбасы облыс әкімінен бұл мәселені қалай шешпек ойы бар екендігін сұрады. «Нұрсұлтан Әбішұлы, біз арнайы шаралар қабылдадық. Қазір техникалық қызметкерлерді, мұғалімдерді, директорларды интернет арқылы қабылдаймыз. Жеке адаммен жолығу жоқ. Сонымен қатар балабақшаларға, 1 сыныпқа қабылдауды жөнге келтірдік», деп жауап берді облыс басшысы.
Расында да Түркістан облысында сыбайластықтың алдын алуға бағытталған нақты шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қою процестері автоматты түрде жүргізіліп, бүгінгі күнге 481 мекеме немесе барлық 1368 мектепке дейінгі мекемелердің 35 пайызы осы жүйемен жұмыс жүргізуде. Жыл соңына дейін balabaqsha.sitcen.kz порталына балабақшалардың 100 пайызын қосу жоспарлануда. Жүйе қызметімен бүгінде 12 мыңнан астам балдырған балабақшаға орналасқан. Сондай-ақ облыстың 902 (100%) мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі енгізілген. Бүгінге дейін аталған жүйе қызметі арқылы 933 бос жұмыс орны жарияланып, 321 адам жұмысқа орналасқан. Сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту үшін азаматтық қоғам институттарымен кері байланыс орнату мен қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың маңыздылығы артуда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың мәлімдеуінше, екі айдың көлемінде облыстағы 1300-ден аса білім беру саласы басшылығының қатысуымен, сонымен қатар салық органдарының қызметшілері қатысқан құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша жиындар, мектеп оқушылары арасында «Адал ұрпақ» облыстық слеті өткізілген. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Аудан, қалалар арасында бастау алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өз мәресіне жақындап келеді. Агенттіктің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесі жаңадан құрылды. Бұдан өзге, агенттік арқылы бизнесті қорғау, оларға қолайлы климат қалыптастыру, мемлекеттік бақылау-қадағалау рәсімдерін барынша оңтайландыру мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда. «Осы жұмыстарды қолға алған департамент бүгінгі күні жалпы сомасы 50 млрд теңгеден жоғары соманы құрайтын 3 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жемқорлықпен күрес жүргізуде, алайда, бұл індеттің кең тарағаны сонша, оған қоғам болып қарсы шықпаса біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстар толықтай өз нәтижесін береді деп айту қиын. Сондықтан, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды және онымен күрес жүргізу ісінде ешкім тыс қалмауы қажет», дейді департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев.
Жымысқы әрекет жазадан құтылмайды
Сыбайлас жемқорлықтың ең көбі білім саласында екендігі де талас тудырмайды. Тұрғындар арасында айтылып жүрген: «Түркістанда мектепке мұғалім болып кіру үшін басшыларға 500 мыңнан бастап, 1 миллион теңгеге дейін пара беру керек. Лаборант немесе еден жуушы болып орналасу үшін 150 мен 300 мың теңге аралығында ақша беру керек» деген сөздің Елбасына жетуі де мәселенің тым күрделене түскенін білдіреді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша аумақтық бөлімшесі қызметкерлері өткен жылы өңірде 6 мектеп директорының парамен ұсталғанын, биылдың алғашқы екі айында екі мектеп басшысының құрыққа түскенін ресми жиында айтқан болатын. Ұсталғандардан алынған параның көлемі де біраз жайттан хабар береді. Мұғалімдік жұмысқа қабылдау үшін – 850 мың теңге, мектеп жанындағы шағын орталыққа тәрбиеші болып орналасу үшін – 300-500 мың теңге, ал мектеп асханасын жалға алған жеке кәсіпкерді қамқорлығына алудың ставкісі – 50 мың теңге. Өкінішке қарай, парақорлық балабақшаларға да жеткен. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 адам жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде жалған құжат жасау, балабақшадағы тәрбиеленушілердің санын әдейі көбейтіп көрсетуге қатысы болғаны үшін 9 ауылдың әкімі сотталған. Жалпы Түркістан облысында соңғы үш жылда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50 жағдай тіркеліпті. Бүгінде бірқатар азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, 2018 жылдың 8 айында облыс аумағында білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелген. Оның 4-еуі мектеп директоры мен 1 техникалық қызмет көрсетуші және жетекші маманға қатысты. Бұл өткен жылдағы тиісті мерзіммен салыстырғанда бес фактіге азайғанын көрсетеді. Өйткені 2017 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын.
Сыбайлас жемқорлық басқа да салаларда, өкінішке қарай, орын алып отыр. Мысалы, Түркістан облысы Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің басшысы ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды. Күдікті жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусын салуға жарияланған тендер бойынша келісімшарт жасағаны үшін мердігерден 12 миллион теңге пара алыпты. Соңғы оншақты жылдың көлемінде облыста мұндай қомақты парамен ұсталыпты дегенді естімеген едік. Бұл көлемдегі пара жалғыз бөлім басшысының үлесі болмаса керек. Мұны тергеу амалдары анықтар. Маусым айында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры М.Зұлпыхаровты қорқыту жолымен аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Елімізде сыбайластық қылмыс азайып келеді
Жалпы, жемқорлықпен күрес Түркістан өңірінде ғана емес, еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Елбасы Жолдауында да бұл індетке қарсы әрекет қарқынды жалғасатыны айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша мәліметтеріне жүгінсек, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 1704 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 1204-і, яғни 71% сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Анықталған қылмыстардың көбісі парақорлық – 52% (626), ұрлау – 21% (254) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану – 17% (210). Сотқа жіберілген қылмыстық істер 1370 болса, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 9,7 млрд теңгені құраған. Оның 8,5 млрд теңгесі немесе 88%-ы өтеліпті. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 663 тұлға анықталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, биыл сегіз айда елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны айтарлықтай азайған. Жыл басынан бері жемқорлық санатындағы 1393 факті тіркелген. Оның ішінде 761 істің 555-і пара алуға, 157-сі беру қатысты. Ал сыбайлас жемқорлықтың саны жағынан рейтинг бойынша Астана қаласы алда келеді екен. Екінші орында Қостанай мен Түркістан облыстары. Сондықтан, алдыңғы қатардан жемқорлық бойынша емес, экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші бойынша көрінуге әрбір өңірдің тырысатыны анық.
Елбасы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату қажеттігі айтылды. Осы орайда киелі Түркістанды орталығы еткен жаңа облыс сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналуды мақсат етіп отыр. Бұл орайда облыс әкімі сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дәрежеде қадағалау жүргізбеген лауазымды қызметкерлердің мәселесі қатаң қаралатынын ескертіп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді міндеттеді.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жемқорлықпен күрес жүргізуде, алайда, бұл індеттің кең тарағаны сонша, оған қоғам болып қарсы шықпаса біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстар толықтай өз нәтижесін береді деп айту қиын. Сондықтан азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды және онымен күрес жүргізу ісінде ешкім тыс қалмауы қажет», дейді департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев.
Жемқорлар жазадан құтылмайды
Сыбайлас жемқорлықтың ең көбі білім саласында екендігі де талас тудырмайды. Тұрғындар арасында айтылып жүрген: «Түркістанда мектепке мұғалім болып кіру үшін басшыларға 500 мыңнан бастап, 1 миллион теңгеге дейін пара беру керек. Лаборант немесе еден жуушы болып орналасу үшін 150 мен 300 мың теңге аралығында ақша беру керек» деген сөздің Елбасына жетуі де мәселенің тым күрделене түскенін білдіреді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша аумақтық бөлімшесі қызметкерлері өткен жылы өңірде 6 мектеп директорының парамен ұсталғанын, биылдың алғашқы екі айында екі мектеп басшысының құрыққа түскенін ресми жиында айтқан болатын. Ұсталғандардан алынған параның көлемі де біраз жайттан хабар береді. Мұғалімдік жұмысқа қабылдау үшін – 850 мың теңге, мектеп жанындағы шағын орталыққа тәрбиеші болып орналасу үшін – 300-500 мың теңге, ал мектеп асханасын жалға алған жеке кәсіпкерді қамқорлығына алудың ставкісі – 50 мың теңге. Өкінішке қарай, парақорлық балабақшаларға да жеткен. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 адам жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде жалған құжат жасау, балабақшадағы тәрбиеленушілердің санын әдейі көбейтіп көрсетуге қатысы болғаны үшін 9 ауылдың әкімі сотталған. Жалпы Түркістан облысында соңғы үш жылда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50 жағдай тіркеліпті. Бүгінде бірқатар азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, 2018 жылдың 8 айында облыс аумағында білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелген. Оның 4-еуі мектеп директоры мен 1 техникалық қызмет көрсетуші және жетекші маманға қатысты. Бұл өткен жылдағы тиісті мерзіммен салыстырғанда бес фактіге азайғанын көрсетеді. Өйткені 2017 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын.
Сыбайлас жемқорлық басқа да салаларда, өкінішке қарай, орын алып отыр. Мысалы, Түркістан облысы Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің басшысы ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды. Күдікті жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусын салуға жарияланған тендер бойынша келісімшарт жасағаны үшін мердігерден 12 миллион теңге пара алыпты. Соңғы оншақты жылдың көлемінде облыста мұндай қомақты парамен ұсталыпты дегенді естімеген едік. Бұл көлемдегі пара жалғыз бөлім басшысының үлесі болмаса керек. Мұны тергеу амалдары анықтар. Маусым айында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры М.Зұлпыхаровты қорқыту жолымен аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайластық азайып келеді
Жалпы, жемқорлықпен күрес Түркістан өңірінде ғана емес, еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Елбасы Жолдауында да бұл індетке қарсы әрекет қарқынды жалғасатыны айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша мәліметтеріне жүгінсек, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 1704 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 1204-і, яғни 71%-ы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Анықталған қылмыстардың көбісі парақорлық – 52% (626), ұрлау – 21% (254) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану – 17% (210). Сотқа жіберілген қылмыстық істер 1370 болса, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 9,7 млрд теңгені құраған. Оның 8,5 млрд теңгесі немесе 88%-ы өтеліпті. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 663 тұлға анықталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, биыл сегіз айда елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны айтарлықтай азайған. Жыл басынан бері жемқорлық санатындағы 1393 факті тіркелген. Оның ішінде 761 істің 555-і пара алуға, 157-сі беруге қатысты. Ал сыбайлас жемқорлықтың саны жағынан рейтинг бойынша Астана қаласы алда келеді екен. Екінші орында Қостанай мен Түркістан облыстары. Сондықтан алдыңғы қатардан жемқорлық бойынша емес, экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші бойынша көрінуге әрбір өңірдің тырысатыны анық.
Елбасы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату қажеттігі айтылды. Осы орайда киелі Түркістанды орталығы еткен жаңа облыс сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналуды мақсат етіп отыр. Бұл орайда облыс әкімі сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дәрежеде қадағалау жүргізбеген лауазымды қызметкерлердің мәселесі қатаң қаралатынын ескертіп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді міндеттеді.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы