29 Қазан, 2018

«Қоқиқаздар ұя салған өлкеде» атты фестиваль өтті

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Он төртінші республикалық фестиваль «Қоқиқаздар ұя салған өлкеде» деп аталуы тегін емес. «Қызыл кітапқа» енген қоқиқаз Қорғалжын қорығының Теңіз көлін бауыр басқан.

«Қоқиқаздар ұя салған өлкеде» атты фестиваль өтті

Бірден айта кетейік, алуан құстың қанаты жиі қағылатын өңірдің болашағы өте зор. Әсі­ресе туризм саласында түстік жерден өзіне тартатын тартымды тұстары көп-ақ. Әлемнің әр қиырындағы табиғат тылсымына деген қызығушылығы бар жұрт сиқырлы әлемнің сы­рына қанғысы келеді-ақ. Көптің көргісі келетіні, әлбетте, қоқиқаз. Бұл жолғы шараны ұйымдастыруға Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры, Қор­ғалжын экологиялық обсерваториясы және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы ат салысты. 

– Алдағы уақытта қорық аумағында мазмұнды шараларды жиі өткізбекшіміз,–дейді облыс әкімінің орынбасары Марат Иғали. – Бұл өңірдегі әралуан тіршілік иелері көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. 

Фестиваль аясында АҚШ елшілігінің грантына салынған орнитологиялық ор­талық таныстырылды. Бұл орталықтың жұмысы әсіресе, оқушылардың қызығу­шылығын тудырды. Оның да себебі бар. Үстіміздегі оқу жы­­лы еліміздің бірқатар мек­теп­терінде экологиялық тәр­бие бағдарламасы енгізіліп отыр. Ал орнитологиялық ба­қы­­лаудан әлденеше дәріс топ­­­тамасы қамтылған. 

Ұйымдастырушылардың ай­­­туына қарағанда, келер жылы бұл фестиваль ха­­лық­­­­­­­­аралық деңгейде өткізіл­мек. Ересектермен қо­са, жет­­­­­­­­­кіншектерді де тарту жос­­­­­­­­­­­­­пар­лануда. Биыл балалар шы­ғар­машылық бай­қауы өткізіліп, қорытындысы шы­­­ғарылды. Бай­қау бейнелеу өнері, де­коративтік-қолданбалы өнер, қыс­­­қаметрлі фильм, фотосурет және экологиялық ер­тегі аталымдары бойынша өткізілді. Жеңімпаздардың су­реттері Қа­зақ­­станның биоәртүрлілігін сақ­тау қорының күн­тізбесінде жа­рияланбақ. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы