Қазақстан • 29 Қазан, 2018

Түркістан облысында 88 кәсіпорын жалақыны өсіретін болды

961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысын өсіретін кәсіпорындар саны 88-ден арта түсуі мүмкін. Өйткені халық табысын өсіру және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру тұрғысынан Елбасы Жолдауын іске асыру мақсатындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Түркістан облысында 88 кәсіпорын жалақыны өсіретін болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгінде облыс аумағындағы  9798 кәсіпорында  105811 жұмысшының  13674-і (12,9%)  42500 теңгеден төмен жалақы алады. Бұл деректер облыс әкімдігі жүргізген арнайы талдау нәтижесінде анықталған. Бұдан бөлек, облыстағы мемлекеттік бюджеттік мекемелерде 42 500 теңгеден төмен жалақы алатын    52 170 жұмысшы бар екені белгілі болды. Осыған орай, аталған кәсіпорындар мен мекемелерде Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Нәтиже бар. Мысалы, «Кентау трансформатор заводы» акционерлік қоғамы орташа жалақыны 40 пайызға яғни, 75 мыңнан 105 мың теңгеге дейін өсірмек.  «Кас Бетон» ЖШС-інде де орташа жалақы едәуір көтерілетін болады. Өңір басшысының айтуынша, облыстағы жүзге жуық ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелерде түсіндіру жұмыстары және келіссөздер жүргізіліп, олардың басым бөлігінің басшылары жұмысшыларының жалақысын көтеруге келісім берген.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы