Венециялықтар үшін су деңгейінің көтерілгені қалыпты жағдай болғанына қарамастан, бұл су тасқыны соңғы бірнеше жыл ішінде ең күштісі саналады.
Қалалық билікке тұрғындар үшін көліктің негізгі түрі болып табылатын су автобустары - вапореттоның қозғалысын тоқтатуға тура келді.
Қолайсыз ауа райы жексенбі күні Италияның көптеген аудандарына жетіп, қауіптіліктің «қызыл» (ең жоғары) деңгейі елдің солтүстігіндегі бірнеше облыстарда жарияланды.
РИА-ның хабарлауынша, нөсер жаңбыр, күшті жел дүйсенбі күні Орталық және оңтүстік Италияның көптеген қалаларында тіркелді. Римде қатты желдің әсерінен ондаған ірі ағаштар тамырымен үзіліп, сынған, қуанышқа қарай астаналық тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Фрозинон провинциясында биік ағаш жеңіл автокөлікке құлап, салондағы екі ер адам қаза тапты. Тағы бір адам – 21 жасар жігіт Неапольде ағаш құлағанда мерт болды. Кротон провинциясында көшкін салдарынан жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген төрт адам көз жұмды.