Әлем • 30 Қазан, 2018

Испанияда қалың қар жауып, бірнеше адам жоғалып кетті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияда ауа райы температурасы күрт төмендеп, соңы толассыз жауған қарға ұласты, деп хабарлайды vesti.ru

Испанияда қалың қар жауып, бірнеше адам жоғалып кетті

Метеорологтардың мәлімдеуінше, соңғы рет мұндай ерте қыс Испанияда 10 жыл бұрын болған. Ауа райының күрт өзгеруі қала қызметінің біраз жұмысын тоқтатты. Автожолдар жабылып,теміржол қатынасы тоқтатылды. Испанияның солтүстігі мен Балеар аралдарында 53 мыңға жуық адам электр жарығынсыз қалды.Астурияның кейбір мектептерінде сабақтар тоқтатылды. Жергілікті тұрғындар қыс мезгіліне әлі дайын емес едік дейді.

Пиренейге серуендеуге шыққан 57 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел адам адасып кеткен. Дегенмен оларды құтқару тобы дереу тапты. Ал дүйсенбіде Галисияда спорттық балық аулау кезінде жоғалып кеткен ер адам әлі іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балықшы суға құлап кетуі мүмкін.

Ауа райы қолайсыздығынан Испанияның 29 елді мекенінде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.