Футбол • 30 Қазан, 2018

"Қайрат" Сейдахметке көз тікті

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық баспасөз құралдары "Қайрат" клубының Еркебұлан Сейдахметті сатып алатыны жайлы жазуда. 

"Қайрат" Сейдахметке көз тікті

Ресей премьер-лигасында бақ сынайтын "Уфа" клубында өнер көрсететін Еркебұлан Сейдахмет осы қыста "Қайрат" сапына ауысуы ықтимал. Ойыншының өзі Башқұрт елінің командасында алаңға көп шығып жүрген жоқ. Сонымен қатар, осы жақында ғана баспасөзге берген сұқбатында "Бауыржан Исламханмен бірге ойнағым келеді, "Қайратта" ойнау бала кезгі арманым болатын" деп айтқан еді.