Аймақтар • 31 Қазан, 2018

CҚО-да «Нұр Отан» партиясы өңірлік ХХVІІ есеп-сайлау конференция өтті

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы өңірлік ХХVІІ есеп-сайлау конференция өтіп, оның жұмысына республикалық ұйымның хатшысы Илья Теренченко,  жергілікті  филиал төрағасы, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

CҚО-да «Нұр Отан» партиясы өңірлік ХХVІІ есеп-сайлау конференция өтті

Күн тәртібіне  партияның бағдарламалық платформасын жүзеге асыруда бастауыш ұйымдардың рөлін нығайту, жастар саясатын одан әрі жетілдіру мәселелері ұсынылып, бірқатар міндеттер белгіленді.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов  «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», басқа да ауқымды жобалар мен әлеуметтік бастамаларды орындауда 40 мыңға жуық теріскейлікті біріктіретін партия мүшелері мен бастауыш ұйымдардың  белсенділігіне,  ұйымдастыру шараларына тоқталды. Жыл басынан  бері жеті мыңға жуық арыз-шағым қаралып, үштен бірі шешімін тапқан. Түрлі рейдтер мен қоғамдық қабылдаулар барысында  анықталған кемшіліктерден  нақты қорытынды шығарылып, халық табысының өсуі,тұрмыс сапасын арттыру  жайларына ерекше мән берілген. Балалардың сандық технологияларды меңгеруге баулитын 11 IT сынып жұмыс істейді. «Жас Отан» жастар қанаты 10 мыңнан астам бозбала мен бойжеткенді біріктіреді. «English for zhastar» жобасы ауылдық жерлерде де жүзеге асырыла бастады.  Рухани жаңғыру, саламатты ұлт, инновация, цифрлы Қазақстан, білім, ғылым салалары бойынша  да бірқыдыру істер атқарылған.

Илья Теренченко өз сөзінде аймақта  құрылыс кеңінен қанат жайғанын, 136 миллиард теңге инвестиция құйылғанын оң нышан ретінде бағалап, партиялық бақылауды күшейтуді, Жолдау міндеттерін жұртшылыққа кеңінен түсіндіруді қажеттігін атап өтті.

Облыстық саяси ұйым жетекшісі Қ. Ақсақалов 2016 жылы қабылданған  партияның  сайлауалды бағдарламасында белгіленген  шешімдердің орындалуына екпін түсіріп,  бірқатар міндеттер жүктеді. Мемлекет саясатын шағын ұжымдар мен шалғай ауылдарға дейін жеткізу басты бағдар болуы тиіс, деді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы