Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкерлердің еңбегі мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген жұмыстарын бағалап 2-ші жыл қатарынан қорытынды жасауда.
«Атамекен» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың бастапқы 10 айында жоспарланған 85 іс-шараның 39 жобасы меценаттардың көмегімен іске асырылды. Облыс бойынша, 12 спорт кешендері мен алаңдары, 4 мектеп жанында жылыжайлар, 100 орындық отбасылық жатақхана салынды, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 11 пәтер берілді, 18 тұрғын үйлер жөнделді және 4 балалар ойын алаңы салынды.
Сонымен қатар, 2018 жылы тағы 40 жобаны іске асыру басталды, жалпы сомасы 14 млрд. 785 млн. 060 мың теңге. Жылдың соңына дейін 22 жоба аяқталады деп күтілуде.
«Жыл меценаты» номинациясымен С. Есенгелдин мен А. Керелбаев марапатталды.«Туған өлке» номинациясы М. Лесбаевқа, Д. Табылдиевке және С. Мұңалбаевқа табысталды. Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Д. Шакенова, И.Бимырзаев және А. Өрісбаев иеленді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды іске асыруда бас демеушілік жасағаны үшін «Үздік ұйым» номинациясымен Б. Қожанепесов, А. Жолдыбаев және Қ.Әбдірахман марапатталды. Сондай-ақ, волонтерлық қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілігі» номинациясымен А. Огай, С.Мурадова және «Үммет жастары» қоғамдық ұйымы марапатталды.
Жеңімпаздарға аймаққа, елімізге белгілі адамдар сый тапсырып, шара соңы концертке ұласты.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы