- Биыл жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Оның 1,4 млрд.теңгесі республикалық 0,6 млрд теңгесі жергілікті бюджетті құрады. Үстіміздегі жылдың 9 айында облыс бойынша 35444 адамға яғни 6728 отбасыға 1529,6 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1313,8 млн.теңгесі төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы 18 жасқа дейінгі балалар 63,1%, жұмыссыздар 8,3%, жұмыс істейтіндер 9,3%, бала күтімімен отырғандар 14,8%, студенттер 2,7%, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер 1,2% құрайды - деді Алтын Есқараева.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы