Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Энергетика саласы цифрлануда

563 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі мұнай-газ бен уран, электр энергетикасы және экология секторларын цифрландыру аясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар кешенін әзірлеу үшін саладағы бизнес өкілдері арасында сауалдама жүргізді. Министрліктің арнайы брифингінде осы сауалдама нәтижесі туралы айтылды. 

Энергетика саласы цифрлануда

Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, сауалдамаға қатысқан кә­сіпорындарды цифрлы жүйеге көшіруде министрліктің көме­гіне мұқтаж екені белгілі болды. Министрлік «Цифрлы Қа­зақстан» бағдарламасы бо­йынша ұзын саны 15 ірі жоба ұсынған. Оны жүзеге асыруға қажетті қаражат жобаның бас­ты орындаушылары саналатын ұлттық компаниялар есебінен бөлініп, цифрлы жүйенің ен­гізілуінен экономикаға 143 млрд теңге көлемінде қосымша қар­жы түседі деп жоспарланған. 

2017-2022 жылдарға ар­нал­ған «Интеллектуалды кен орны» ақпараттық жүйесі аясын­да «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясы цифрлы жүйеге кө­шуге 25 млрд теңге жұмсап, оның қайтарымы 56 млрд тең­гені құрамақ. Жобалардың тіке­лей экономикалық әсерін сана­ма­ғанда, министрлік осы арқылы мұнай саласындағы көлеңкелі сауданың да алдын алмақ.

«ҚазТрансОйл» компаниясы мұнай тасымалында «ақылды» технологиялардың көмегімен саладағы операциялық шығын­дарды еселеп азайтуды көз­деп отыр. Сол сияқты, «ҚазМұ­найГаз»-дың жанармай құю бе­кет­тері Астана қаласында «smart-бекет» қызметін енгізіп жатыр. 

– Бұл қарапайым тұты­ну­шы­ларға арзан және сапалы жанармайды барынша оңай әрі қауіпсіз жеткізудің тиімді тәсілі,– дейді Болат Ақшолақов. 

Сонымен қатар вице-ми­нистр өз сөзінде алдағы уа­қыт­та елдегі үш ірі мұнай өңдеу зауыт­тарының да цифрлы жүйе­мен жұмыс істей бастайтынын айтты. Бұл бастаманың аясын­да мұнай өңдеу зауыттары бұрын­ғыдай жыл сайын бір ай бойы жөндеуді күтіп тұрмай, үш жылда бір-ақ рет қысқамерзімді жос­парлы жөндеуден өтетін болды. Осы бастамалардың арқасында елдегі жанармай тапшылығы да жойылып, бағаның арзандап қалуы ғажап емес. 

Бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғау жұмыс­тары­ның тиім­ділігін арттыру үшін министрлік цифр­лы жүйеге инвестиция құ­йы­латыны туралы құлағдар етті. 

Шынарбек ЖОМАРТҰЛЫ,

журналист