Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Халық тұрмысы жақсарады

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолдауда айтылған мә­се­лелердің маңызы зор. Өйткені онда көтерілген тақырыптар халықтың тұр­мысын, әлеуетін көтеруге арналған.

Халық тұрмысы жақсарады

Қазіргі таңда атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. Мә­селен, Мәжілісте қаралып жат­қан жобада әлеуметтік салаға 4,7 триллион теңге бөлінбек. Бұл ел бюджетінің 42 пайызына тең. 

Тәуелсіздік алғалы бері 1300-ден астам денсаулық сақтау ме­­ке­месі салынды. Осы шама­да білім ордалары ашылды. Зей­нетақы өсіп, әлеу­­меттік қызметтердің құны ар­зан­дады. Алайда әлі күнге ше­шіл­меген түйткілдер бар. Мәселен, білім беру саласында мектептердегі үш ауысымдық оқу, оқу ғимарат­та­рының сапасы – назар ауда­рар­лық нәрсе. Ден­саулық сақтау, білім беру са­ла­ларындағы жұмысшылар жа­лақысының аздығы секілді мә­селелер де жетерлік.  

Жолдауда айтылғандай, ден­саулық, білім және ғылым салаларына бөлінетін қаржыны ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына ­де­йін ұлғайту халықтың тұр­мы­сын жақсартып, балалардың қажет­ті білім алуын қамтамасыз етіп, медициналық қызметтер мен емделуді жеңілдетеді. Сон­дай-ақ мұндай қадам Қазақстан­ды халықаралық стандарттар­ға жақындатып, дамыған 30 ел­дің қатарына енуге мүмкіндік береді. 

Ауыл шаруашылығына ар­н­алған бөлігі де тиімді жүзеге аса­ды деп есептеймін. Өйткені атал­ған жобаларға нақты қаражат бө­лінген.  

Шавхат ӨТЕМІСОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты