«Anti-Fraud» жедел-профилактикалық шаралар шеңберінде полицейлер киберқылмыскерлерді де ұстады. Қыркүйек айының аяғына таман Қостанай қаласының тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны жөнінде полицияға хабарлаған болатын.
Әйелдің айтуынша, «OLX» сайтының делдалдығымен пәтер жалдағысы келеді. Сайттағы хабарландырудың бірінде арзан әрі қолайлы пәтерді ұсынады. Сатушы ер кісімен хабарласып, олар жалға берудің шартына келіседі. Ол бойынша зардап шегуші ер кісінің танысының атына алдын ала ақша аударуы тиіс болады. Зардап шеккен әйел оған 56 500 теңге салғаннан кейін, ер адам қайтып байланысқа шақпайды, телефонын өшіріп қояды. Алаяқтарға алданғанын білген әйел екі күннен кейін полицияға хабарлайды.
Полиция осы оқиға өткен соң бір айдан кейін екі күдіктіні ұстады. Алаяқтар Қостанайда басқа да бір әйелден пәтерді жалға беруді сылтауратып, 57 000 теңге қаққан болатын.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай