Қазақстандық «DANAKE корпорациясы» мен қытайдың «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» цемент компаниясы бірлесіп пайдалануға беретін зауыттың болашағы үлкен.
«Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС зауыты жобасының жалпы құны 64 млрд теңге. Бас мердігері «Чайна Триумф Интернэшнл» – әлемдегі үздік 50 халықаралық көшбасшы компания қатарына жатады. Зауыт толықтай іске қосылғанда мұнда 300-ге жуық жұмысшы еңбек ететін болады.
Зауыт жылына 1 млн тонна тампонажды цемент өндіреді деп күтіліп отыр. Шығаратын өнім атом өнеркәсібі мен газ-мұнай саласында сұранысқа ие. Шикізаты аса қымбатқа түспегендіктен, өнімнің бағасы да қолжетімді болады. Қазір доломит, уақ тас және құм карьерлері жұмысқа дайын.
Мемлекет зауыт құрылысына аумағы 46 гектар болатын жер телімін бөлген. 4 гектар жерге қызметкерлерге арналған жатақхана және басқа да әлеуметтік құрылыстар бой көтерді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы