Жыл сайын қатысушылар санының артуы, республика аумағынан бөлек, көрші елдерден сұраныстың көп болуы нәтижесінде халықаралық сипат алып, Ақтау қаласында ұйымдастырыла бастады. Биылғы жылы турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларынан 600-ге жуық спортшы қатысуда. Спортшылар арасында 200-ге тарта үміткер - маңғыстаулық өрендер.
-Баламұрат Ақшабаев 16 жасынан бастап кәсіби спортпен айналыса бастаған. Республикалық, халықаралық додаларда топ жарған ол өмірден жастай кетеді. Маңғыстау облысы әкімдігінің, спорт басқармасының қолдауымен жерлестері, ұрпақтары, бауырлары жыл сайын Баламұрат Ақшабаев атындағы турнирді өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Сұраныстың артуы – турнирдің халықаралық сипатқа ие болуына жол ашты, дейді Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы