Елордаға келген шығысқазақстандық оқушылардың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іргесін қалаған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аралап, алған әсерлерін ортаға салды.
Ең алдымен жармалық мектеп оқушыларының назары кіре беріс фойедегі үлкен экранға түсті.Бәрі онда көрсетіліп жатқан «Еуразия ұлттық университеті» атты бейнефильмге байланып қалғандай. Сөйлеп жатқан шетелдік студент Дана Мұқияттың ЕҰУ-дегі бейнесін көріп, топ-тобымен тұра қалған. Дана Мұқият:
«Мен Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студентімін, Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім аламын. Болашақта әртүрлі елдер арасында ортақ тіл табысуға көмектесетін дипломат болуды армандаймын. Мені ЕҰУ-де көптеген шетел мемлекеттерінің үздік оқытушылары сабақ беретіні қызықтырды. Екіншіден, мұндағы мұғалімдер өте білімді және тәжірибелі. Халықаралық қатынастар қазіргі кезде нағыз әмбебап мамандық болып саналады. Оқу біргеннен кейін университетте алған білімім болашағыма жол ашатынына сенімдімін. Сондықтанда осы оқу орнын таңдағаным өте дұрыс болды деп ойлаймын,– деп, оқушылардың университетке деген қызығушылығын одан сайын оятты.
Астана қаласындағы №67, №63 гимназия, №64 лицей, №49 орта мектеп оқушылары және Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының озат оқушылары одан әрі цифрландыру бойынша павильондарды аралап шықты.
Бір байқағанымыз, әр оқушының көкейлерінде әлгінде ғана өздері экраннан көріп, даусын тыңдаған шетелдік студент Дана Мұқияттың «Осы оқу орнын таңдағаным өте дұрыс болды» деген үні жаңғырып бара жатқандай көрінді.