Әлем • 02 Қараша, 2018

Doing Business-2019: Қазақстан алғашқы отыздыққа енді

953 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазанның соңғы күні Дүниежүзілік банктің «Doing Business-2019» рейтингі жарияланды. 2002 жылы осы рейтинг түзілгеннен бергі аралықта тізім бойынша жоғары көтеріліп келе жатқан Қазақстан биыл 190 мемлекеттің ішінде 28-орынға тұрақтады.

Doing Business-2019: Қазақстан алғашқы отыздыққа енді

«Doing Business-2019» рейтингінің көш басында Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания, Корея елдері орналасқан. Гру­зия, Норвегия, АҚШ, Ұлы­бри­тания, Македония елдері ал­ғаш­қы ондық сапында. Әр ел­дегі кәсіпкерлікті реттейтін нор­мативтік-құқықтық акті­лер, оның сол елде, елдің ірі қалаларында, өңірлерінде сақталу ба­рысы, шағын және орта кәсіп­орындардың жұмысы, тағы да басқа факторлар назарға алынатын тізімде еліміз Әзербайжан, Аустрия елдерінен кейінгі орын­ды иеленіпті. Испания, Ресей Федерациясы, Польша, Португалия, Жапония, Франция, Қытай, Швейцария, Түркия бізден кейінгі сатыда. 

Осы жағымды жаңалықтан кейін іле-шала Ұлттық эконо­мика министрлігі арнайы бас­пасөз мәслихатын өткізген болатын. Вице-министр Серік Жұманғарин баспасөз мәсли­хатында айтқандай, бүгінгі таңда елдердің, ұлттық эконо­ми­калардың бәсекеге қабілет­тілігін бағалайтын түрлі объективті рейтингтер бар. Со­лардың бірегейі – Дүние­жүзілік банктің «Doing Business» рейтингі. 

Оның нәтижесі ірі корпо­ра­циялардың басшылары, ірі банктердің президенттері, танымал саясаткерлер басшылыққа алатын халықаралық жур­налдарда жарияланады. Яғни, ин­вестицияға қатысты ше­шім қабылдауға ықпал етеді. Түптеп келгенде, бұл Қазақ­станда жаңа кәсіпорындар ашуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұтас бизнес климатты жақсартуға әсер ететіні түсінікті.

Рейтинг нәтижелері Қа­зақстанның негізгі 10 пози­цияның алтауы бойынша өрлегенін көрсетті. Атап айт­қанда, «Миноритарлық инвес­торларды қорғау» индикаторы бойынша бірінші орынды сақтап қалды. 

«Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» бойынша 6-орыннан 4-орынға көтерілді. «Құрылысқа рұқ­сат алу» көрсеткіші бойынша 52-пози­ция­дан 35-позицияға көтерілді. Кәсіп­орын ашуға ыңғайлылық, несие алу, ха­лықаралық сауда, электрмен жабдықтау жүйесі сынды индикаторлар бойынша да жоғарылағаны белгілі болды. 

Жалпы, Қазақстанда отандық және шетелдік бизнесмендерге қолайлы ахуал қалыптастыру үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, «Астана-1» кедендік декларациясының ақ­параттық жүйесінің іске қосылғаны тауарларға декларация беруде адами фак­торларды болдырмауға ықпал етті. Кедендік баж салығы мен алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы деректерді алуға бұрын бірнеше күн ке­тетін болса, қазір оны 15 минутта алу­ға болады. Экспортқа шығаратын тауар­ларға кедендік декларацияны кеден қызметкерлері тегін толтырып береді. 

Сол сияқты, жобалық мекемелердің «бір терезе» қағидасы бойынша топо­графиялық түсірілімдермен, геоло­гиялық деректермен, сәулет-жоспарлау талаптарымен, инженерлік желілердің схемасымен қамтамасыз етуі, «Құ­ры­лысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізді. 

– «Азаматтарға арналған үкімет» кор­­порациясы қазір жылжымайтын мү­лікке құқықты тіркеу, ақпараттық қызметтер көрсету бойынша табысты жұмыс істеуде. Яғни, Doing Business-тің индикаторлары сіз бен біздің күнделікті өмірімізде ыңғайлы жағдай жасауға ықпал етеді. «Салық салу» индикаторы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салықтық тексерулердің 2 түрі қарастырылған. Оның бірі ерекше тәртіп бойынша тағайындалған тексеру, екіншісі жоспардан тыс тексеру. Осы жоспардан тыс тексерудің негіздері қысқартылды және жеңілдетілді, – дейді С.Жұманғарин. 

Үкімет ағымдағы жұмыстарды жиып қойып, рейтингте өр­леудің қамына көбірек көңіл бөледі деген сыни пікірлер жиі айтылады. Ұлт­тық экономика министрлігінің өкілі бұл ұшқары пікір деп санайды. Doing Business барынша сенімді рейтингтердің бірі саналады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, елге инвестиция тарту, кәсіпорындарды көптеп ашу, жұмыс орындарын көбейту сынды жағымды өзгерістер халықтың тұр­мысын да жақсартады. 

Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, рейтингтің қазақша аудармасы «Бизнес жүргізу» деп аталуы да көп нәрседен хабар береді. Doing Business рейтингінде қарапайым азаматтардың жеке кәсіппен айналысуына әсер ететін барлық индикатор қамтылған. Мәселен, жеке кәсібін бастаған азаматтың оны тиісті органдарға тіркетуіне бір күн уақыт жеткілікті. Бұл сөз етіп отырған рейтингтегі «Кәсіпорын ашу» индикаторында жоғарғы балл алуға жол ашады. Сол сияқты, кәсіпкер ісін одан әрі дамыту үшін кепілге мүлкін қо­йып, несие алуға бекінуі мүмкін. Кепіл мүліктерінің біртұтас электронды реестрі бар. Несие алу рәсімінің же­ңілдігі, оған кететін уақыт пен қар­жы­лық шығындар қарастырылатын «Несие алу» көрсеткіші бойынша да Қазақстан былтырғы 77-позициядан 60-орынға көтеріліпті. Несиеге алған қаражаты, жері бар кәсіпкер енді жаңадан бір нысан салуды жоспарлады делік. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, құрылысқа рұқсат алу, инженерлік желілердің схемасы сынды толып жатқан ақпараттарды алу да қазір «бір терезеден» шешіледі. Бұрын шетелге тауар экспорттау немесе керісінше шетелден тауар импорттау үшін кәсіпкер қаптаған құжатын арқалап жүретін, брокерлерге ақша төлейтін. Қазір ол жұмыс электронды жолмен шешіледі, декларация да брокерсіз тегін толтырылады. Doing Business-тің өте сенімді әрі беделді болуы осы сияқты мәселелердің қарастырылғаны және объективті бағалануымен байланысты. Оның индикаторларында жоғары нәтиже көрсетуге тырысу сол ел үшін де пайдалы екендігі түсінікті. Қысқасы, соңғы жылдары жеке кәсіпкерлік саласында енгізіліп жатқан, азаматтардың уақытын, қаражатын үнемдейтін, жүйкесін тоздырудан сақтайтын, мемлекеттік органдардың да жұ­мысын жеңілдететін жаңалық­тардың барлығы Қазақстанның Дүниежүзілік банктің рейтингінде жоғары өрлеуіне себеп болғандай. 

Елбасы Н.Назарбаев биылғы жыл­дың көктемінде Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру ту­ралы заңға жария­лы түрде қол қойғаны белгілі. Қол қою рәсі­мінде Мемлекет басшысы: 

– Жеке бастама мен еркін кә­сіпкерлік еліміздің эконо­микалық дамуының және әл-ауқатымыздың артуының басты факторына айналды, – деген болатын. «Doing Business-2019» нәтижесіндегі Қазақстанның орны бизнестің ел экономикасындағы орнының маңызын айқындай түседі.

Арнұр АСҚАР, 

«Егемен Қазақстан»