Қазақстан • 05 Қараша, 2018

Гүлшара Әбдіқалықова Кеңес отырысына қатысты

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова Кеңес отырысына қатысты

Жиынға Қазақстан халқы Ассам­блеясы Төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгеру­шісі Л.Прокопенко, Парла­мент Мәжілісінің депутат­тары, мемлекеттік органдар өкіл­дері, Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Ғылыми-сарапшы­лық кеңе­сінің мүшелері, Ассам­блеяның ғылыми-сарапшы­лық топтары мен кафедра­лары­ның жетекшілері, қоғам қайрат­керлері, сарапшылар, ғылыми зия­лы қауым, этномәдени бірлес­тіктер өкілдері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова құт­тықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағ­дырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз», деген сөзіне тоқталды.

Мемлекеттік хатшы әр­бір қазақстандықтың жаңғыру­лар үдерісіне атсалысу се­зі­мін қалыптастыру жолын­дағы Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның қызметін ғылыми-сарап­шылық тұрғыдан қолдаудың ма­ңыздылығына, сондай-ақ қо­ғамдық санаға «Рухани жаң­ғы­рудың» біріктіруші әрі жасам­паз­дық әлеуетін терең сіңіру қажеттігіне тоқталды.

– Президент жариялаған Жас­тар жылы аясында жастарға және отбасы институтына қолдау көр­сету ғылыми-сарапшылық жұ­мыстың маңызды бағыты болуға тиіс, – деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыста жүргізілген зерт­теулер нәтижелері мен әлеу­меттік-демографиялық және этносаралық саладағы 2019-2020 жылдарға арналған ғы­лы­ми жұмыстар жоспарлары, сон­дай-ақ Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Қазақтану», «Ұлы Дала елінің киелі мұрасы» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Да­ла Әміршілерінің Алтыны» көр­месі мен Е.Бөкетов атындағы Қар­МУ-дің Сарыарқа ар­хео­логиялық институтының көрмесі ұйымдастырылды. Ғылыми-са­рапшылық кеңес мүшелерінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрааралық ғылыми-ағарту орталығының және Е.Бөке­тов атындағы Қар­МУ-дің Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сы ка­фед­расының жаңа ғылыми мате­риал­дарының таныстырылымы өтті.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»