Оған 8 команда: атап айтқанда Күршім, Тарбағатай, Астана, Өскемен, облыстық ішкі істер департаменті, құрылысшылардың Мәдениет үйінің тағы екі команда саңлақтары қатысты. Ардагерлер волейболды шебер ойнады, допты алу, соққы жасау кезінде жиналғандарды еріксіз тәнті етті.
Сонымен турнирде облыстық ішкі істер департаменті чемпион атанды. Екінші, үшінші орындарды Астанадан келген қонақтар мен құрылысшылардың Мәдениет үйінің волейболшылары иеленді. Турнирге қатысқан барлық команда мүшелері ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист
Шығыс Қазақстан облысы