Қазақстан • 05 Қараша, 2018

Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды

194 реткөрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен, «Зерде» Ұлттық инфокомуникация холдингі» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды.

Форумды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты. Алғы  сөзінде министр:

«Форумға 2500 мыңнан астам қатысушы келіп отыр. Сондай-ақ, әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары мен ұйымдарының 200 жетекшісі, мыңдаған инвестор мен түрлі стартап жоба авторлары бар. Осылайша алға қойған мақсатымыздың жүзеге асуына даңғыл жол ашылды. Өйткені жобаның басты идеясы – тың идеялардан қуат алып өзара тәжірибе алмасу, Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпір болу», - деді.

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі Қазақстанда жүзеге асырылып отырған инновациялық технологиялар туралы айтты.

«Елімізде өздеріңіз көріп отырғандай бүгін инновациялық жүйелер іске қосылуда. Ертең Президент халықаралық Астана технопаркін ашылуын мәлімдейді және бұл қазіргі замандағы Қазақстанның технологиялық дамуындағы жаңа күнге айналмақ. Біз Ұлы Жібек жолының мұрагерлері ретінде Азия мен Еуропа арасында цифрлық көпір болғымыз келеді. Қатысқандарыңыз үшін тағы да алғысымды айтамын. Табысты жұмыс пен қызықты талқылау тілеймін», - деп сөзін түйіндеді.

Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастығының неігзі өкілдері, технологиясаласындағы танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялықкәсіпкерлер, басқа да елдердің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының кәсіпқойлары, сонымен қатар венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысуда.

Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер шақыртылған, олардың ішінде: Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье; CEO Hyperloop Transportation Дирк Алборн; Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында цифрландыру саласындағы ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі мен Astana Hub Battle жеңімпаздарының марапаттауы өтеді.

Светлана КУЖАКУЛОВА,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар