Пән олимпиадасында Назарбаев зияткерлік мектептерінен және еліміздің басқа да білім ұйымдарынан 9-сыныпта оқитын 70-тен астам оқушы бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер арасында Қарағанды облысының жас химиктері де болды. Атап айтқанда, Нұрбол Талғат («Бiлiм-Инновация» лицей-интернаты, Жезқазған қ.), Диана Сафина (№1 ЖББМ, Жезқазған қ.) және Жанбике Абат (Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, Қарағанды қ.) екінші және үшінші дәрежелі диполамдармен марапатталды.
Пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Білім және ғылым министрлігінің дипломдарынан бөлек Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің сыйлықтары табыс етілді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы