Саясат • 06 Қараша, 2018

Ынтымақтастыққа дайынбыз

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ынтымақтастыққа дайынбыз

«Румыния – Қазақстан» екі­жақты сауда-өнеркәсіп палата­сы және Қазақстан Республи­касы­ның Румыниядағы Құрмет­ті консулдығы Прези­дент Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жыл­ғы 5 қазандағы «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен зор ықыласпен танысты.

Айта кету керек, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәт­тен бастап Президент Н.Назар­баев елдің саяси, экономикалық жә­не әлеуметтік дамуына баса назар аударып келеді. Бұл ба­ғыттағы жұмыстар енді Прези­дент­тің жаңа Жолдауы аясында жалғасын таппақ.

Президенттің биылғы Жол­дауы бұған дейін жарияланған бар­лық стратегиялық құжат­тар­мен, сондай-ақ «Қазақ­стан-2050» стратегиялық даму бағ­­дар­­ламасымен үйлесім тапқан.

Біз бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы хал­қының әл-ауқатын жақсартуға арналған жаңа кезеңнің бас­талуымен шын жүректен құт­тық­таймыз. Сонымен қатар Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан үйлесімді әріптестік қатынастарды дамыту үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігімізді жеткізгіміз келеді.

Петру ЛИФИЧИУ,

«Румыния – Қазақстан» екіжақты сауда-өнеркәсіп па­ла­тасының президенті, Қазақ­станның Құрметті консулы

Николае ГЕНЧУЛЕСКУ,

«Румыния – Қазақстан» екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті