Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын сенаторларға таныстырды.
Баяндамашының айтуынша, алдағы кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастырудың негізіне мұнайдың бағасы барреліне 60 АҚШ доллар деңгейінде болатын сценарий қабылданды. Ішкі жалпы өнім 2019 жылы 3,9 пайыз деңгейінде болып, 2023 жылға 4,6 пайызға дейін өсуі болжанып отыр. Ішкі жалпы өнімнің жылдық орташа қарқыны 4,2 пайызды құрайды. ІЖӨ-нің номиналды көрсеткіші 2019 жылы 64 145,7 миллиард теңгеден 2023 жылға 86 944,7 миллиард теңгеге дейін өседі. ІЖӨ 2019 жылы жан басына шаққанда 9,9 мың АҚШ долларын құрайды, 2023 жылға 12,9 мың долларға ұлғаяды.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы – 2 450 млрд теңге, 2020 жылы – 2 300 млрд теңге, 2021 жылы – 2 000 млрд сомасында белгілеу қарастырылуда.
2019-2021 жылдарға белгіленген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың тиісті қаржы жылының соңына ішкі жалпы өнімнің болжамды мәнінен 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов еліміздің ақша-несие саясаты туралы баяндама жасады. Қаржы реттеушісінің міндеті инфляцияны біртіндеп 4 пайыздан төмен деңгейге дейін төмендету, бұл салыстырмалы деңгейде дамып жатқан елдерге тән екендігі туралы айтылды. 2018 жылғы 10 айда инфляция 3,7 пайызды құрды. Жылдық инфляция 2018 жылдың қазанында өткен жылдың аяғындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда 5,3 пайызға дейін төмендеді. Бұл – 2015 жылдың қазанынан бастап ең төмен көрсеткіш.
Еліміздің Қаржы министрі Әлихан Смайылов сенаторларға «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды.
Баяндамашы атап өткендей, үш жылдық республикалық бюджеттің түсімі 2019 жылы – 9,8 трлн теңге, 2020 жылы – 10 трлн теңге, 2021 жылы – 10,5 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2019 жылы 10,7 трлн теңге, 2020 жылы – 11,1 трлн теңге, 2021 жылы – 11,4 трлн теңге болады. Бюджет тапшылығы 2019 жылы – 945 млрд теңге, 2020 жылы – 998 млрд теңге, 2021 жылы – 936 млрд теңгені құрайды.
Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің жобасы 2019 жылы 1,5 пайыздан 2021 жылға қарай 1,3 пайызға дейін ІЖӨ-нің бюджет тапшылығын төмендету есебінен қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұру міндетін қамтамасыз етеді.
Парламент Сенатында 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыруға арналған заң жобаларының топтамасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше