Футбол • 07 Қараша, 2018

Г.Бабаян: Щеткин, Шомко, Логвиненко үшеуі ойынға қатыспайды

25 реткөрсетілді

Ертең Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 4-турында Қазақстанның «Астана» командасы Чехияның «Яблонец» командасын қабылдайды. Ойын қарсаңындағы баспасөз мәслихатында Қазақстан чемпиондарының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян команданың ойынға қызу дайындалып жатқанын айтты.

— Кездесу біз үшін өте маңызды. Қиын ойын болатынын түсінеміз. Біз Чехияда ойнағанда кейбір қиындықтарға тап болдық. Берік, қауқарлы командаға кезіктік. Бірінші таймда тактикалық жағынан қиындықтар болды. Қазір мейлінше ұйымшылдықпен ойнап жатырмыз деп ойлаймын. Жанкүйерлер көбірек келіп, стадиондағы атмосфера тамаша болады деп үміттенемін. Біз үшін сезімді тізгіндеу маңызды, естен айырылудың қажеті жоқ. Түсінемін, фанаттар біздің алға қарай жүгіре бергенімізді қалайды. Бірақ естен айырыла алға жүгіре берудің қажеті жоқ. Чехтардың шабуыл шебі мықты, сондықтан оларға бос кеңістік қалдырмай, ұйымшыл ойнау қажет.

— Ойыншылардың бәрі де бабында ма?

— Мен осыған дейін Щеткин, Логвиненко және Шомко ойнамайтынын айтып едім. Ал Эрич жалпы командамен жаттығып жүр, оның жағдайы жақсы.

— Екінші ойын алғашқысынан несімен ерекшеленеді?

— Біз ашықтау ойын көрсетпекпіз, бірақ қорғанысты ұмытпау керек. Өз үйіңде қабырғалар да көмектеседі деген бар, сенім мығым болады, ол түсінікті. Бірақ қарымта шабуылмен жазалайтындай шабуыл шебіне жатып алудың қажеті жоқ. Тәртіп керек, естенайырылмау қажет. «Яблонец» — Чехия чемпионатында сырт алаңдағы соңғы екі ойында 12 гол соққан команда. Бұл чехтардың шабуыл шебі мықты екенін көрсетеді, біздің тоқмейілсуге қақымыз жоқ. 

— Турнир басында «Астана» қолайлы сәттерді пайдалану жағынан қиындыққа тап болып жүрді. Соңғы ойындарда команда көбірек гол соғып жүр. Шабуыл шебіндегі ойыншылардың қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз?

— Бізге жазда келіп қосылған футболшыларға бейімделу үшін уақыт керек. Қазір бабына келу үшін тырысып жатыр. Әрине, олардың әлеуеті жоғары. Кім гол соғып жатқаны маңызды емес, ұжыммен шабуылдап, қолайлы сәттерді пайдалану маңызды.

— Жуниор Кабананга «Астанаға» келгелі әлі бірде-бір гол соққан жоқ. Мұның себебі неде?

— Біз мұнымен жұмыс істеп жатырмыз. Чехияда ол тамаша голдық пас берді. Ойыншы жұмыс істеп жатыр, тырысып бағуда, бастысы — осы. Оған уақыт керек. Ол келген кезде екі айдан көп уақыт жіберіп алған еді. Содан кейін орала салып, бабыңа келу өте қиын. Бастысы — жігер. Біз оны қолдаймыз.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар